Өзіңді ойладым
Өзіңді ойладым

Көңілімді күздің бұлты басқанда,

Көзімнен ерке күлкі қашқанда,

Нәуір өзексінді нәзік сезімнің,

Күлтесін ызғар жұлқып ашқанда,

Мейірбан Аллаһ өзінді ойладым.

 

Тұғыртып тұрмыс қыспаққа алғанды,

Қабағымда мұң қыстап қалғанда,

Қолды бір сілтеп іш тартқандарға,

Керуен тарқан құстармен бірге,

Жылы жақтарға ұшпақ болғанда,

Жарылқаушы Тәңірім өзіңді ойладым.

 

Көңілдің көлі ылайланғанында,

Ұршықтай басым айланғанында,

Көрмеуге лайық көкелерімнің,

Көлеңкесіне байланғанымда,

Құдіретті Раббым өзіңді ойладым.

 

Сағым бір сынған сағаттарымда,

Сапы алтын жоғалтқанымда,

Арқардай менің арда достарым,

Арқасын бері қаратқанында,

Жаратқан Ием Жаппар Құдайым,

Сен болдың жалғыз дәрмен тірегім,

Өзіңнен ғана тыныштық тауып,

Өзіңнен ғана жәрдем тіледім.

(Руханият)

 

 

KүмісайKүмісай
9 лет назад 14568
0 комментариев
О блоге
0
2493 26 24 7 16