Бисмиллаһир-Рахмани-Рахим.
Әссәләму ғалейкум уә рахматуллаһи уә бәрәкәтуһу.
Аллаһым мен Сені сондай жақсы көрем. Саған мың да бір шүкірлік айтамын. Сен менің Барлығымсың, Досымсың, Мұңдасымсың, Ақылшымсың, Арқауымсың. Жүрегімнің "Сен" деп соққан әрбір сәті мен үшін бақыт, қуаныш, рухани тыныштық, рухани байлық деп білем. Мендей күнәһар пендеңе Өзіңді тануға, Өзіңмен сырласуға, мұңдасуға мүмкіндік бергеніңе қанша "Әлхамдулиллаһ" десемде аз болар. Сен маған өмір бердің, сана, ақыл бердің, барлық жаратылыстан үстем қылдың...