Кім бар жаныңда? Айналаң толған адам, жалпы алғанда жалғыз емессің, бірақ жаныңа жақын ешкім жоқ, өте жалғызсың. Дүниеге келгеніңде және соңғы деміңді бергеніңде жалғыз болатының ащы болса да шындық емес пе, олай болса неге жалғыздықтан қорқасың, қашасың, қашып құтыла алмасаңда құтылуға тырысып қайдағы жоқ біреулермен уақыт өткізіп, өз өзіңді алдайсың.... не керегі бар, білмемін...
Қасыңдағының бәрі дос емес екен, сен олардың жетістіктеріне шын ықыласыңмен қуансаң да, олар сенікіне еш қуанбайды, сенің жақсы жаңалығыңды естігенде түрлері қалай өзгеріп кеткенін өздері де байқамай қалады, сосын барып өтіріктен күлуге тырысса да көздеріндегі қызғанышты сен көргің келмесе де көріп тұрасың, қандай өкінішті достық еді бұл, қандай жалған достық еді бұл, сені ұнатпаса да қасыңда жүргендері қандай жиіркенішті, сен олардан алыстасаң да олар сені жібермейді, ондайлар дос та бола алмады, қас та.
Жаратқан Тәңірім, ақ ниетті, адал жүректі жандармен жолықтырсын бәрімізді. Егер сен Аллахпен дос болсаң, Ол сені ешқашан ренжітпейді, Оның мейірімі мен жәрдемі сондай жақын, сен Оны ойлап, үнемі есіңде зікір етіп жүрсең, Ол да сені еш уақытта жалғыз қалдырмайды.
Астағфируллах, Әльхамдулиллах, Аллаху акбар, Субханаллахи уә бихамдики.